- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
РАХАТ ҚҰРМАНБАЕВ: “Тағлымдамадан өту - мамандығыңды әлемдік деңгейде танудың тиімді жолы”
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 6 профессор-оқытушысы «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында шет елде біліктіліктерін арттыруда. Олардың қатарында биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рахат Құрманбаев бар.
Рахат Хамитұлы - АҚШ-тың Иллинойс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Медиа орталық журналисті ғалыммен онлайн байланысқа шығып, сауалдарын жолдады. Назарларыңызға “Біздің ғалым” жаңа айдарына жарияланған алғашқы сұқбатты ұсынамыз.
- Шет елде білім алу тәжірбиесі сіз үшін қалай өтуде?
- «500 ғалым» жобасы Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған және әлемнің жетекші университеттерінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаның арқасында АҚШ-тың ғалымдарының жеке дәрістеріне, тілдік дағдыларды арттыру мақсатында әртүрлі семинарлар мен академиялық іс-шараларға қатысу арқылы кәсіби білімімді шыңдаудамын. Алдағы уақытта еліміздің білім беру жүйесін дамытуға өз үлесімді қосуға ниеттімін.
Америка Құрама Штаттары білім беруге ерекше көңіл бөледі және бұл бағыт бойынша дамыған елдердің бірі болып саналады. Мұнда білім беру жүйесінің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін үздік басқару әдістері мен стратегиялары қолданылады.
- Білім беру жүйесінде айырмашылықтар бар ма?
- Әрине бар, себебі бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттары ғылыми-зерттеу жұмыстарында, озық технологияларды құру мен жүзеге асыруда, экономиканы, өнеркәсіпті дамытуда әлемдік көшбасшы мемлекет болып табылады.
Соның ішінде Урбана-Шампейндегі Иллинойс университеті (UIUC) - АҚШ-тағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Университет 1867 жылы құрылған және АҚШ-тағы ең үздік университеттердің бірі болып табылады. UIUC әлемдегі ең үздік 50 университеттің қатарына кіреді. Әсіресе жаратылыстану, инженерия, информатика және бизнес саласындағы білім, ғылым, өндірістік бағдарламаларымен танымал.
- Оқу барысында қандай қиындықтар болды? Тілдік жағынан кедергі болды ма?
- Жалпы кез келген ортаның ауысуына байланысты адаптация болады, ол табиғи нәрсе. Қазақстан мен АҚШ арасында жазғы уақытта 10 сағат, қысқы уақытта 1 сағат айырмашылық бар. Сонымен қатар алғашқы айы ұзақ мерзімге пәтер табу деген сияқты мәселелер болды. Бұның бәрі физиологиялық, тұрмыстық майда-шүйда нәрселер. Бірақ негізгі қиындық, ол тілдік барьер. Себебі, Америка университетінің тілдік ортасына түскенде, барлығы қарым-қатынас шеңберіне қосыла алмайды екен, оған алдын ала практикалық құзыреттіліктер қажет.
- Қазақстанға келген соң жоспарыңыз қандай?
- Ғылыми тағылымдама аяқталғаннан кейін алған білімім мен дағдыларымды практикада қолдана отырып, кафедраның, институттың академиялық және зерттеу салаларын одан әрі дамуытуға өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан алдағы уақытта ғылыми жобаларға қатысып, халықаралық әріптестермен және де мүмкіндігінше тағылымдама кезінде байланыс орнатқан ғалымдардың қатысуымен экология саласында зерттеу тәжірибесін дамытып, жаңа жобалар ашу. Тағылымдама барысында алған білімім мен тәжірибемді студенттерге заман талабына сай білім беру үшін қолдануға тырысамын.
- Болашақта шет елде жұмыс жасау ойыңызда бар ма?
- Менің ойымша, заманауи университет ғалымы шетелдік университеттен ғылыми тағылымдамадан өтуі дұрыс болар еді. Оның негізгі талабы - тілдік құзыреттілік. Әр ғалымның алдындағы бүгінгі талап – әр түрлі мерзімді сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру. Меніңше, бұл да шетелдік университетте жұмыс жасаудың тиімді бір түрі.
Осындай бағдарламалардың арқасында тағылымдамадан өтіп жатқан әрбір ғалым өз мақсаттарына жету үшін бұл уақытты тиімді пайдалануға тырысуы керек. Осылайша, «500 ғалым» жобасы Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосады. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық халықаралық ғылыми байланыстарды нығайта отырып, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатуға, тәжірибе алмасуға және өз елінде озық тәжірибелерді енгізуге көмектеседі.
P. S. Кейіпкерге сауал жібергенде, уақыт айырмашылын ескермеппіз. Біз Қазақстан уақытымен 11:03-те жазғанда, АҚШ-та түнгі 00:06 кеткен екен. Рахат Хамитұлы, түсіністікпен қарап: “мен ұйықтап алайын, таңертең жіберемін” деп әзілдеп жауап берді. Осылайша 12 сағат айырмашылықпен сырлы да әсерлі сұқбаттың реті келді. Уақыт айырмашылығына қарамастан, уақыт бөліп сұқбаттасқаныңызға рақмет!
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...