Тұрақты даму 2025: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті алғаш рет әлемдік университеттердің QS рейтингіне енді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 желтоқсан 2024
  • 346

Тұрақты даму 2025: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті алғаш рет әлемдік университеттердің QS рейтингіне енді

2024 жылғы 10 желтоқсанда Тұрақты даму 2025  QS әлем университеттері рейтингінің нәтижелері жарияланды. 
Рейтингке 107 елден 1744 ЖОО кірді, оның ішінде Азиядан - 661, Қазақстаннан -17.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті алғаш рет осы рейтингке кіріп 1401 – 1450 позицияны иеленді, Азия жоғары оқу орындары арасында - 503, Қазақстан жоғары оқу орындары арасында – 12 орын алды.
 
Жоғары оқу орындарының рейтингі 3 негізгі критерийге негізделген:
1) Қоршаған ортаға әсері / Environmental Impact: Экологиялық білім беру / Environmental Education – 17%
Қоршаған ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етуде жоғары білім беруді және оның әсерін бағалайды.
ЖОО беделі деректерін, түлектер мен институционалды деректерді және академиялық қамтамасыз ету деректерін біріктіреді.
Зерттеу / Environmental Research– 13%
Зерттеу ортасының мекемеге әсерін осы нақты БҰҰ ТДМ-мен байланысты тақырыптар бойынша бағалайды: 7, 11, 12,13,14 және 15.
Тұрақты даму /Environmental Sustainability- 15%
Мекеменің экологиялық тұрақты болашақ бағытындағы стратегиясы мен қызметін бағалайды. Институционалдық деректер, климатқа бағытталған топтарға мүшелік, түлектердің деректері және сауалнама деректерін біріктіру.
Жұмысқа орналасу және мүмкіндіктер /Employability and Opportunities - 11%
Мекеменің жұмыспен қамту күш-жігерін, мүмкіндіктерін, сондай-ақ оның беделін және өнеркәсіппен ғылыми серіктестігін бағалайды. 
Зерттеу деректерін, сауалнама деректерін, бедел деректерін және ұлттық деңгейдегі статистиканы қорытындылайды.
Теңдік /Equality– 12%
Мекеме қызметінің күш-жігерін, әсерін, теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені бағалайды. Институционалдық деректерді біріктіру, сауалнама деректері, зерттеу деректері және ұлттық деңгейдегі статистика.
 
2) Әлеуметтік әсер /social impact
Денсаулық және әл-ауқат / Health & Wellbeing- 5%
Мекеменің өз студенттерінің ғана емес, сонымен бірге қоғамның да денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға деген ұмтылысын бағалайды. Зерттеу деректерін, түлектердің деректерін, институционалдық деректерді және ұлттық деңгейдегі статистиканы біріктіру
Білім берудің әсері /Impact of Education-7%
Сапалы білім беру мен зерттеулерді қамтамасыз етуді және оның жағдайға әсерін бағалайды. Зерттеу деректерін, бедел деректерін, түлектердің деректерін және ұлттық деңгейдегі статистиканы қорытындылайды.
Білім алмасу /Knowledge  Exchange - 10%
Білім алмасу және білім берудің өсуін ынталандыру, сондай-ақ университеттің жергілікті қоғамдастыққа және жалпы қоғамға оң әсерін тигізу үшін оқу орындарының аймақтар арасындағы зерттеу саласында қалай ынтымақтасатынын бағалайды. Зерттеу және сауалнама деректерін қорытындылайды.
 
3) Басқару /Governance
Жақсы басқару /Good Governance– 10%
Оқу орнында тиімді басқару бар-жоғын бағалайды. Мысалы, біртұтас этикалық ұйымдастырушылық мәдениет, университеттің басқару органдарында студенттердің өкілдігі және қаржылық ашықтық арқылы ашық шешім қабылдау процесі. Ұлттық деңгейде институционалдық деректерді, зерттеу деректерін, сауалнамаларды және статистиканы жинайды.
 
Осы критерийлер бойынша университет келесі позицияларда орын алады:

Environmental

Impact

Environmental Sustainability

Environmental Education

Environmental Research

 

1001+

=770

1001+

1001+

 

Social Impact

Employability and

Opportunities

Equality

Health & Wellbeing

Impact of Education

Knowledge Exchange

 

1001+

1001+

1001+

1001+

1001+

1001+

 

Governance

=435

 
Нәтижесінде оқу орны Басқару критерийі бойынша  435-ші орынды иеленді. Бұл  университеттің ең жақсы нәтижесі болып табылады. Университетте корпоративтік басқарудың дамуы, студенттердің алқалы органдарда кең өкілдігі және өз қызметінің ашықтығы арқасында мүмкін болды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті тұрақты дамудың 17 мақсатына сәйкес өзінің ғылыми, білім беру және шаруашылық қызметін құруды жалғастырады.

471.png      472.png

473.png       474.png
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru
 
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...