Жоғары оқу орнында инклюзивті білім берудің маңызы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 қаңтар 2025
  • 199

Жоғары оқу орнында инклюзивті білім берудің маңызы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Каримова ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, ғалым Таңсауле Серіковпен кездесті.
Сыр еліне жұмыс сапарымен келген Таңсауле Ғабдыманапұлы оқу орнындағы ерекше жандарға жасалған жағдаймен танысып, ұсыныс-пікірлерді тыңдады. 
Кездесуде университет ректоры жоғары білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі ерекше балаларға білім алу үшін тең мүмкіндіктер жасау екенін атап өтті. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндады.

WhatsApp Image 2025-01-06 at 15.19.38.jpeg

WhatsApp Image 2025-01-06 at 15.19.38 (1).jpeg

“Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар студенттерді педагогикалық-психологиялық қолдау мақсатында “Инклюзивті білім беру орталығы” және “Психологиялық қолдау орталығы” жұмыс істейді. Оқу орнының №1, №7 оқу ғимараттарында қажет құрал-жабдықпен толық жабдықталған “Инклюзивті білім беру” кабинеттері орналасқан. Барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларда пандустар мен мүгедектерге арналған көлік тұрағы бар. Осы бағытта Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен жобалар жүзеге асуда”,-деді университет басшысы.
Айта кетейік, оқу орнында ерекше қажеттілігі бар білім алушылардың оқу ақысына жеңілдік қарастырылған. 2023 жылдан бері педагогикалық бағыттағы барлық білім беру бағдарламаларына “Инклюзивті білім беру” пәні енгізілген. Өткен оқу жылында 80-ге жуық оқытушы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...