Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департаментінің бас инженерінің бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қаңтар 2025
  • 48

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департаментінің бас инженерінің бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Бас инженер білуі тиіс: ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, экономиканы және тиісті шаруашылық қызмет түрін дамытудың басым бағыттарын айқындайтын мемлекеттік билік пен басқару органдарының шешімдері; ұйымның бейініне, мамандануына және экономикалық қызмет түрінің техникалық-экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларына және ұйымның бизнес-жоспарына қатысты басқа органдардың әдістемелік және басқа материалдары; ұйымның өнімін өндіру технологиясы ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын құру және оны басқару әдістерін; шаруашылық қызметтің тиісті түріндегі ғылыми-техникалық жетістіктерді жасау және орындау тәртібін және экономика мен өндірісті ұйымдастырудың, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері университеттің ішкі еңбек тәртібі;

Біліктілік талаптары: Жоғары кәсіптік (техникалық немесе инженерлік-экономикалық) білім және ұйым бейініне сәйкес экономикалық қызмет түріндегі басшы лауазымдардағы мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.01.2025ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 кабинет; e-mail: ksu@korkyt.kz 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...