Хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 қаңтар 2025
  • 157

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі еліміздің сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін орындау, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен оларға қол сұғылмаушылық кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін құрылған тәуелсіз, дербес мемлекеттік орган болып табылады.

Кеңестің негізгі функциялары біліктілік емтиханын өткізу, судьяларды іріктеу, олардың тәртіптік жауапкершілігі және өзге де мәселелер болып табылады.

Кеңес өз қызметінде азаматтар мен мүдделі тараптар үшін ақпараттың ашықтығы, айқындығы және қолжетімділігі қағидаттарына бағдарланады.

Кеңес қызметі мен өзекті жаңалықтарын жедел хабарлау мақсатында әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Бұл студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, сондай-ақ білім беру мекемелерінің профессорлық-оқытушылық құрамын қоса алғанда, кең аудиторияға ақпараттың қолжетімділігін және уақтылы таралуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Кеңестің бастамалары мен іс-шаралары, сондай-ақ заңнама және сот төрелігі саласындағы жаңашылдықтар, бос орындар, судьялық лауазымдарға конкурстар, тағылымдама бағдарламалары және өзге де мүмкіндіктер туралы төменде көрсетілген ресми парақшалардан біле аласыздар.

Facebook: https://www.facebook.com/vss.gov.kz/about/ 
Instagram: https://www.instagram.com/vss.gov.kz/profilecard/ 
Telegram: https://web.telegram.org/k/#@vssrk2024 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...