Қазақстанның зооархеологиясы: бүгіні мен келешегі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 ақпан 2025
  • 63

Қазақстанның зооархеологиясы: бүгіні мен келешегі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты арасындағы ғылым бағытын дамытуға арналған іс-шара өтті.
Ә.Х.Марғұлан атындағы “Зооархеология зертханасының” меңгерушісі, ғылыми қызметкер, PhD докторант Мәмбет Шағырбаев “Зооархеология саласының маңызы мен оның Қазақстан археологиясында қолданылуы” тақырыбында онлайн дәріс өткізді. 
Дәріс барысында Қазақстандағы зооархеологияның дамуы мен келешегі кеңінен талқыланды. Спикер зооархеологияның басқа ғылыми салалармен байланысын, сондай-ақ оның әдіс-тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Қазба жұмыстарынан алынған материалдарды (мал сүйектері мен өсімдік қалдықтары) зерттеудің маңызды аспектілері, биологиялық және палеоэкологиялық зерттеулердің маңызы көрсетілді.

WhatsApp Image 2025-02-05 at 12.22.07 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-05 at 12.22.07.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-05 at 12.22.06 (1).jpeg


Жиынға оқу орнының Археология және этнография ғылыми орталығының қызметкерлері, ‘‘Тарих және археология’’ білім беру бағдарламасының білім алушылары мен Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының «Жас ғалымдар кеңесі» мүшелері қатысты.
Айта кетейік, аталмыш шара оқу орындары арасындағы ынтымақтастық келісім аясында ұйымдастырылды. Алдағы уақытта Қазақстандағы археология ғылымының жетістіктері мен бағыттары, физикалық антропология, археологиялық керамика зерттеулері туралы дәрістер өткізу жоспарлануда.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...