Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2025
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 ақпан 2025
  • 274

Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2025


Shakhmardan Yessenov Foundation 20
студентке ай сайын 70 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындау үшін байқау жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, медициналық жоо үшін бакалавриаттың 2-5 курсы, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Шәкіртақы саны: 20

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:

1.     Қордың ресми сайтында – yessenovfoundation.org онлайн өтінімді толтыруы керек.

2.     Өтінімге келесі құжаттарды қоса тіркеуі қажет:

Міндетті құжаттар:

·          Жеке куәлік көшірмесі;

·         «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе. (Microsoft Word форматында);

·         Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес). *балы 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды;

·         Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

Қосымша құжаттар:

·         Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;

·         Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;

·         Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.

·         Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...