Бексұлтан Орынбасаров «Үздік түлек» медалімен марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 ақпан 2025
  • 245

Бексұлтан Орынбасаров «Үздік түлек» медалімен марапатталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі, талантты ақын, жыршы Бексұлтан Орынбасаров «Үздік түлек» медалімен марапатталды. Құрметті награданы Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова табыстады.

«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі болғаныма мақтанамын. Айтыс жолындағы алғашқы көрермендерім мен қолдаушыларым университет ұжымы. Сол демеудің арқасында үлкен сахналарды бағындыруға мүмкіндік алдым» ,– деді жас ақын.

Бексұлтан Ақылбекұлы – 2018-2022 жылдар аралығында «Дәстүрлі ән әртісі, оқытушы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған. Қазіргі таңда айтыс сахнасында Сыр елінің намысын қорғап, өнер саласында өз орнын тапқан дарынды өнерпаз. Ол облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жыр додаларының жеңімпазы.

Айта кетейік, жақында республикалық жас ақындар айтысының бас жүлдесін иеленіп, «Күміс домбыра» иегері атанды.

WhatsApp Image 2025-02-12 at 14.08.17.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-12 at 14.08.16.jpeg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...