Ректор Жасанды интеллект институтының студенттерімен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 ақпан 2025
  • 215

Ректор Жасанды интеллект институтының студенттерімен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримованың 1-курс студенттерімен кездесуі жалғасуда. Бүгін Жасанды интеллект институтының білім алушыларымен жүздесіп, пікір алмасты.

Кездесуде университет басшысы оқу орнының тарихы мен жетістіктеріне тоқталып, білім беру жүйесі мен студенттерге бағытталған мүмкіндіктер туралы баяндады.

WhatsApp Image 2025-02-12 at 14.08.45.jpeg

 

WhatsApp Image 2025-02-12 at 14.08.45 (1).jpeg

 

WhatsApp Image 2025-02-12 at 14.08.46.jpeg

 

Айта кетейік,  2023 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Оңтүстік Кореяның Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің бірлескен білім беру бағдарламасы құрылды. Былтыр 4 білім беру бағдарламасы бойынша 100 грант бөлінді.

Кездесу соңында студенттер университет басшысына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Университет басшысы барлық сұрақтарды ескере отырып, арнайы іс-шаралар жоспары дайындалып, қажетті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Белсенділік танытқан білім алушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 

WhatsApp Image 2025-02-12 at 14.08.45 (1).jpeg

 

WhatsApp Image 2025-02-12 at 14.08.45 (2).jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...