40 магистрантқа диплом табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 ақпан 2025
  • 293

40 магистрантқа диплом табысталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде магистратураға қысқы қабылдаудың қорытындысы бойынша диплом табыстау рәсімі өтті.

Жиынға Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова қатысып, «магистр» дәрежесін алған білім алушыларды құттықтады.

WhatsApp Image 2025-02-14 at 15.15.16 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-14 at 15.15.16.jpeg

“Екі жылдан бері магистратураға қысқы қабылдаудың қорытындысы бойынша диплом табыстау рәсімі өтіп келеді. Соңғы үш жылда оқу орнында магистратура білім беру бағдарламалары бойынша 1100 түлек бітірді. Ал осы түлектеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткіштері 90% -дан жоғары көрсеткіште екенін мақтанышпен айтамыз”,-деді университет басшысы.

Қазіргі таңда университетте магистратура деңгейі бойынша 8 бағытта 44 білім беру бағдарламалары негізінде оқу үдерісі жүргізіледі. Биылғы оқу жылында университетте жалпы 521 магистрант білім алуда.

WhatsApp Image 2025-02-14 at 15.15.16 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-14 at 15.15.16 (3).jpeg

Айта кетейік, былтыр 12 магистрантқа «магистр» дәрежесі берілсе, биыл бітіруші түлектердің саны 40 магистрді құрады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...