Қырғызстандық студенттер білім мен тәжірибе алмасады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 ақпан 2025
  • 33

Қырғызстандық студенттер білім мен тәжірибе алмасады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Қырғызстанның Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінен 35 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға келді. Бұл бастама екі ел арасындағы білім және мәдени алмасуды дамытуға, студенттердің халықаралық тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2025-02-24 at 16.12.10.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-24 at 16.12.11 (1).jpeg

Қырғызстандық студенттермен Академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бөрібаева мен әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай кездесіп, университеттің мүмкіндіктері мен оқу бағдарламалары туралы ақпарат берді.

WhatsApp Image 2025-02-24 at 16.12.11.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-24 at 16.12.11 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-24 at 16.12.12.jpeg

Айта кетейік, шетелдік студенттер бір апта бойы  оқу орнының жұмысымен танысып, оқу үрдісі мен оның мүмкіндіктерін толық меңгеретін болады. Бұл бағдарлама екі университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жастардың болашақ кәсіби дамуына және ғылыми ынтымақтастықтың артуына ықпал етеді.

WhatsApp Image 2025-02-24 at 16.12.12 (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...