«БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУ» атты дөңгелек үстел
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 ақпан 2025
  • 21

«БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУ» атты дөңгелек үстел

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы, «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Әлеуметтік жұмыс мектептерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Қызылорда қаласында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында 2025 жылдың 28 ақпанында сағат 14.00-де өтетін «БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУ» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады

Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім беру, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік-экономикалық процестерге тұрақты дамуды біріктіру контекстіндегі идеяларды талқылау және ілгерілету.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, зерттеу орталықтардың өкілдері, ТМД саласындағы сарапшылар, бизнес қауымдастықтары, жоғары оқу орындары және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Дөңгелек үстел халықаралық қатысумен аралас форматта өтеді.
ZOOM арқылы онлайн қосылу: идентификаторы 777 058 3434, код 2024.

Күтілетін нәтижелер:
- тұрақты серіктестікті құру: ТДМ дөңгелек үстеліне қатысушылардың аймақтың тұрақты дамуы саласындағы бастамаларды бірлесіп жоспарлау және жүзеге асыру жөніндегі ұстанымдарын күшейту;
- адами капиталды нығайту: тұрақты даму принциптерін оқу бағдарламалары мен ғылыми жобаларға біріктіру үшін оқытушылар мен зерттеушілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
- әлеуметтік жұмыс проблемасының маңыздылығын мойындау: ТДМ-на қол жеткізу үшін әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру.

БАЙЛАНЫС
Дөңгелек үстелге қатысу бойынша хабарласыңыз:
120014, Қызылорда қ., көш. Әйтеке би, 29А, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
e-mail: shilmanova@korkyt.kz , моб.: 8 777 274 00 02

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...