Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры үздік оқытушы атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 ақпан 2025
  • 402

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры үздік оқытушы атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде еліміздегі жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары мен үздік ғылым қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау Қазақстанның білім беру жүйесіндегі үздік мамандарды қолдауға және олардың еңбегін жоғары бағалауға бағытталған.

Салтанатты шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-зерттеушісі, техника ғылымдарының кандидаты Анипа Тапалова марапат төрінен көрінді. Ғалым “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағын жеңіп алып, өз еңбегінің жоғары деңгейде мойындалғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

WhatsApp Image 2025-02-26 at 12.46.52.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-26 at 12.47.00.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...