Жас заңгерлер арасында интеллектуалды сайыс өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 ақпан 2025
  • 120

Жас заңгерлер арасында интеллектуалды сайыс өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде “Жас Заңгер” ғылыми-шығармашылық үйірмесінің ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында «Заң майталмандары» атты сайыс өтті. 
Сайыс үш кезеңді қамтыды. Атап айтсақ, «Заң майталмандары» баяндамасы, «Құқықтану білім беру бағдарламасының» майталмандары және сахналық қойылым. 
“Бұл іс-шара жас заңгерлерге құқықтық білімдерін шыңдауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыруға  септігі мол. Сондай-ақ, студенттер бірлесіп жұмыс істеуге бейімделіп, ортақ шешімдер қабылдауға дағдыланады. Құқық саласының болашақ майталмандарын дайындау жолында мұндай зияткерлік сайыстары жалғасын табатын болады”,-деді “Жас Заңгер” ғылыми-шығармашылық үйірмесінің төрайымы Нұрсая Орынбасар.

WhatsApp Image 2025-02-27 at 14.43.54.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-27 at 14.43.43 (2).jpeg

Студенттердің білім мен өнеріне университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицері Әлібек Жаппасбаев , Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Нұржан Еділбаев  және Экономика және құқық институтының директоры Гүлшат Дүзелбаева қазылық етті.
Жеңімпаздарға арнайы марапаттар  табысталып, барлық қатысуға алғыс хаттар берілді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...