«Зияткер» сайысында оқытушылар мен студенттер білімдерін сынады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 ақпан 2025
  • 401

«Зияткер» сайысында оқытушылар мен студенттер білімдерін сынады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда қаласының алғашқы астана болғанына 100 жыл толуына орай оқытушылар мен студенттер арасында «Зияткер» білім бәйгесі өтті. 
Білім додасында қатысушылар экономика, құқық, тарих, мәдениет бағыттары бойынша өз білімдерін сынады. Бұл шара жастардың ғылым мен білімге деген қызығушылықтарын оятып, олардың тұлғалық дамуына серпін берді. 

WhatsApp Image 2025-02-28 at 14.43.52.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-28 at 14.43.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-28 at 14.43.53.jpeg

Жиынның мақсаты - жаһандану заманында бәсекелестік бәйгесінен қалмайтын  ұшқыр ойлы интеллектуалды ұлт пен ұрпақ тәрбиелеу. 
“Білім бәйгесінде қатысушылар туған жеріміздің тарихы мен мәдениеті туралы тереңірек біліп, жаңа ақпарат алды. Бұл ең алдымен жастардың елге, жерге деген құрметін арттырса, екіншіден оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізді”,-деді Экономика және құқық институтының директоры Гүлшат Дүзелбаева.

WhatsApp Image 2025-02-28 at 14.43.55.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-28 at 14.43.54.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-28 at 14.43.54 (3).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-28 at 14.43.54 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-28 at 14.43.54 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-28 at 14.43.53 (2).jpeg


Айта кетейік, іс-шара “Kitap qurttary” кітап клубы мен “Экономика және құқық” институтының біріккен жобасы аясында ұйымдастырылды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...