Қызылорда қаласы ЖОО студенттерінің арасында «Экологиялық олимпиада» өткізіледі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 наурыз 2025
  • 351

Қызылорда қаласы ЖОО студенттерінің арасында «Экологиялық олимпиада» өткізіледі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда қаласы ЖОО студенттерінің арасында  27-28 наурыз аралығында «Экологиялық олимпиада» өтеді.

Олимпиада ІІ турдан тұрады. 
І тур – 2 кезеңнен тұрады
1 кезең – Экологиядан тест тапсырмалары.
2 кезең  - Эсселер сайысы
ІІ тур  - Экологиялық видеороликтер сайысы

Олимпиада нәтижелері бойынша қатысушылар  үздік номинациялар, алғыс хаттар, сертификаттар, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады

27.03.2025ж. І тур екі кезеңнен тұрады. 
І кезең. Басталуы сағат 14:00
І кезеңде қатысушылар экологиядан тест тапсырады. Тест 25 сұрақтан тұрады. Берілетін уақыт 50 минут. Әр сұраққа «4» баллдан беріледі, максималды балл - 100. Барлық қатысушылар келесі кезеңге өткізіледі. 

ІІ кезең. Басталуы 15:00.
ІІ кезеңде қатысушылар «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» тақырыбында эссе жазады. Эссенің шарттары сол жерде түсіндіріледі және арнайы дайындалған жауап парақтары таратылады. І және ІІ кезеңнің нәтижелерін сарапшылар тексеріп жариялайды.  
Эсселер сайысы максималды 100 пайыздық шкаламен бағаланады. 
Сарапшылардың шешімі бойынша 3 эссеге «Ең үздік эссе» номинациясы  беріледі.

28.03.2025ж. ІІ тур. Басталуы 12:00
Бұл кезеңде қатысушылар «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбында өздерінің қатысуымен түсірілген видеороликтерін қорғайды. Видеоролик уақытының ұзақтығы – 3 мин. 
Сарапшылардың шешімі бойынша 3 видеороликке «Ең үздік видеоролик» номинациясы  беріледі.

Сарапшылар қатысушылар арасынан тест нәтижелері, эссе және видеоролик нәтижелері бойынша жалпы қорытынды балл негізінде І, ІІ және ІІІ орынды белгілейді, сәйкесінше І, ІІ және ІІІ дәрежелері дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Сайыс нәтижелерін сарапшылар экологиялық шараның жабылу салтанатында жариялап, марапаттайды. 

Ұйымдастыру комитеті:
«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» БББ қауымд. профессоры, т.ғ.к., Г.Ш. Асқарова, қауымд.профессоры, т.ғ.к., Н.Ә. Тоғызбаева, 
т.-т. магистрі А.Ш. Нұрғабылова.

Қатысушылар келесі тел. номеріне хабарласу сұралады
+7 777 145 0383
+7 777 334 0248  

Қатысу үшін наурыз айының 20-ші жұлдызына дейін ақпараттық хат соңындағы қосымшаны толтырып, көрсетілген электрондық пошталарға жүктеу сұралады: ekchoo@mail.ru және nurila2009@mail.ru  

Өтетін орны: 5 оқу ғимараты, 100 аудитория

Қосымша

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...