«Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының құрылғанына - 5 жыл!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 наурыз 2025
  • 173

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының құрылғанына - 5 жыл!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Биыл орталықтың құрылғанына - 5 жыл. Бұл Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

Орталықтың негізгі мақсаты — Қазақстандағы түрлі этникалық топтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, ұлттық бірлік пен татулықты сақтау. Сонымен қатар, Қазақстан халқы ассамблеясының бастамаларын жүзеге асырып, ұлттық мәдениеттер мен тілдерді сақтауға, дамытуға бағытталған іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастырады.

Бес жыл ішінде орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен этнос аралық достық, КСРО кезінде қудаланып Қазақстаннан пана тапқан халықтар, Қазақстан халықтарынын этно-демографиялық ахуалы жөнінде Скопуста 23 мақала, жоғары рейтингілі Түркия, Ресей, Қазақстан елдерінің басылымдарында, конференциялар жинақтарында, әлеуметтік желілерде  және тағы басқа ақпарат көздерінде жарық көрді.

Университеттің білім алушылары облыстағы 11 этно-мәдени орталықтың ұйымдастырған басқосуларына қатысып, ел дамуы жолында еңбек етіп жүрген өзге ұлт өкілдерінің еңбегі туралы тың ақпарат алуда.

Биыл «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының қызметкерлері «Сыр елінің полэтникалық халқының қалыптасуы» монографиясын әзірлеуді қолға алмақ.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...