Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Әзірбайжандық 5 ірі университетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 наурыз 2025
  • 231

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Әзірбайжандық 5 ірі университетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Әзірбайжан астанасы Бакуде 4-5 наурыз күндері «Study in Kazakhstan» брендімен көрме өткізді. 

Басты мақсат - Қазақстан мен Әзербайжан университеттері арасында ынтымақтастық орнатуға, шетелдік студенттерді қазақстандық жоғары оқу орындарына тартуға, кадрлар даярлауда тәжірибе алмасуға бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру.

WhatsApp Image 2025-03-06 at 09.43.53.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-06 at 09.43.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-03-06 at 09.43.52.jpeg

АDA университетінде  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек пен Әзербайжан Республикасы Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, екі елдің  ЖОО қатысуымен «Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, тараптар ынтымақтастық пен өзара бастамаларды қолдауға дайындықтарын білдірді. 

Айта кетейік, іс-шараға Басқарма Төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова бастаған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеттінің делегация өкілдері қатысты. Көрме аясында  Әзербайжан Сәулет-құрылыс университеті мен Әзербайжан экономика университеті басшылығымен кездесіп, жаңа университеттермен ынтымақтастық туралы келісімге келді. Нәтижесінде оқу орны 5 ірі университетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Атап айтсақ, Баку мемлекеттік университеті, Әзербайжан мұнай және өнеркәсіп университеті, Баку Славян университеті, Лэнкаран университеті, Әзербайжан мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт академиясы.

WhatsApp Image 2025-03-06 at 09.45.04.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-06 at 09.43.54.jpeg

Әзірбайжанда өткен білім көрмесіне еліміздің 20 жоғары оқу орны қатысып, шетелдік талапкерлерді Қазақстанға тарту бойынша рекрутингтік жұмыс жүргізді. Әзербайжандық студенттерге Қазақстанда академиялық ұтқырлық және тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...