Жасанды интеллекттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 наурыз 2025
  • 213

Жасанды интеллекттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жасанды интеллект және деректерді талдау» бағдарламасы бойынша семинар өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

IMGL4409.JPG

IMGL4411.JPG

Семинарды “Kyzylorda Hub” бизнес-инкубатор орталығының маманы Жанарыс Түбекбаев және «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының оқытушысы Оралбек Абдуллаев жүргізді.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне Power BI, SQL және Python сияқты жасанды интеллект (AI) және аналитикалық құралдармен жұмыс істеу негіздерін үйрету. Курс деректерді талдау үдерістерін автоматтандыру, мемлекеттік сатып алу мониторингі, қаржы ағындары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін заманауи технологияларды пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған.

IMGL4421.JPG

IMGL4425.JPG

IMGL4432.JPG

IMGL4445.JPG

IMGL4467.JPG

Шара соңында университетің Стратегия және IT департаментінің директоры  Нурбахыт Нурмухаметов пен Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі Нұрхан Абтикалыков тыңдаушыларға сертификаттар табыстады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...