Үкімет отырысында көтерілген мәселелер бойынша міндеттер айқындалды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 наурыз 2025
  • 95

Үкімет отырысында көтерілген мәселелер бойынша міндеттер айқындалды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде ғылымды дамыту және цифрландыру мәселелері, Үкімет қаулыларының жобалары қаралды.

Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және басқа да мәселелер талқыланып, міндеттер айқындалды. Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

WhatsApp Image 2025-03-11 at 17.29.45.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-11 at 17.29.46 (2).jpeg

Елімізде Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес білім сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жоба бар.

Бүгінде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Оңтүстік Корея Республикасының Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетімен (СеулТех) бірлесіп, өткен жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Жасанды интеллект институты ашылды. Қазір аталған институтта төрт білім беру бағдарламасы бойынша 100 студент мемлекеттік грант негізінде білім алуда. Бұл – еліміздегі жасанды интеллект саласын дамытуға және заманауи талаптарға сай жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам.

WhatsApp Image 2025-03-11 at 17.29.46.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-11 at 17.29.46 (1).jpeg

Жиында осы жұмыстарды күшейту, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті өңірлік жоғары оқу орындарымен, облыстық білім басқармасымен, ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп, ғылымды дамыту және цифрландыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін Ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңес құру тапсырылды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды жан-жақты пысықтап, нақты ұсыныстар енгізу керек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...