Өзбекстанның “Арал өңірінің Халықаралық инновациялық орталығымен” келісімшарт жасалды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 наурыз 2025
  • 83

Өзбекстанның “Арал өңірінің Халықаралық инновациялық орталығымен” келісімшарт жасалды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Рахат Құрманбаев пен "Korkyt ata endowment" корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Елена Когай  11-13 наруыз күндері Өзбекстанның Нүкіс қаласында арнайы іссапармен болды.

Іссапар барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және  Өзбекстан Республикасының Экология,  қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің жанындағы “Арал өңірінің Халықаралық инновациялық орталығы” арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Орталық басшылығымен екіжақты бірлескен жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. 

WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.05.44.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.05.46 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.05.46.jpeg

“Өзбекстанға сапарымыздың басты мақсаты - оқу орнындағы «Арал өнірі экожүйелерін зерттеу Халықаралық орталығы» жұмыстарын дамыту.  Нүкіс қаласындағы “Халықаралық Арал өңірін инновациялық орталығының» жұмысымен таныстық. Іссапар барысында халықаралық жобаларының жүзеге асырылуы, өсімдіктердің генетикалық банкі, көлемі 24 гектар құрайтын алаңдарында өсірілетін тәжірибелік түрлері, in vitro өсіру зертхананың жұмысы, тұқымдар қоймасы, фермерлерді және көгалдандыруға қызығушылығын танытқан жастарды оқыту платформалары және тұзды топырақтарда жеміс ағаш түрлерінен жоғары өнім алу жолдары туралы кеңінен ақпарат алдық”,-деді Рахат Құрманбаев.

WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.05.45 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.05.45.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.05.46 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.05.44 (1).jpeg

Арал өңірінің Халықаралық Инновациялық орталығы 2018 жылы үкімет тарапынан құрылып, Арал өңірінің қолайсыз экологиялық факторларға төтеп беру шараларына бағытталған. Мұнда дамыған Еуропа, Азия мемлекеттеріндегі өсімдіктану саласы бойынша инновациялық технологияларды Арал өңірінде қолдану, ғылыми дәлелденіп құрғақшылыққа бейімделген, суды аз қажет ететін, жоғары өнімді,  өндірістік қолдануға жарамды өсімдіктер түрлерін мүмкіндінше кеңінен қолдануға аса назар аударады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...