Директорлар кеңесінің отырысы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 наурыз 2025
  • 78

Директорлар кеңесінің отырысы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Кеңес төрағасы Ернар Тоқтыбаев, сондай-ақ кеңес мүшелері Азиза Шужеева, Бейбіткүл Каримова, Мағжан Ералиев қатысты. Сонымен қатар, шақырылған қатысушылар қатарында Басқарма мүшелері Жандос Базартай, Дана Абдрашева, Майнура Бурибаева, Махмұт Томанов және комплаенс-офицер Алибек Жаппасбаев болды.

WhatsApp Image 2025-03-13 at 17.47.20.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-13 at 17.47.18.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-13 at 17.47.24.jpeg

Отырыста 2024 жылға арналған Даму бағдарламасының орындалуы, Тұрақты даму саясатының іске асырылу барысы, университеттің тұрақты басқару үдерісінің 2024 жылдың 4-тоқсандағы жай-күйі және 2022-2025 жылдарға арналған Ішкі аудит қызметінің есебі қаралды. Сонымен қатар, 2023-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасының 2024 жылғы орындалуы жөніндегі Басқарма есебі бекітілді.

Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Каримова университеттің стратегиялық бағыттарының жүзеге асырылуы туралы баяндама жасап, білім беру қызметін инновациялық қамтамасыз ету, ғылым мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, цифрландыру және инфрақұрылымды жаңғырту салаларындағы жетістіктерге тоқталды.

WhatsApp Image 2025-03-13 at 17.47.44.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-13 at 17.47.20 (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...