Гонконгтан келген ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 наурыз 2025
  • 261

Гонконгтан келген ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушы құрамы екі бірдей ауқымды біліктілікті арттыру курсына қатысып, заманауи ғылыми зерттеу әдістерін меңгерді.

Қатысушылар білім беру психологиясындағы соңғы трендтермен танысты. 

Аптаға созылған біліктілікті арттыру курсының қорытынды жиынына Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова, Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі-проректор Дана Абдрашева және оқытушылар қатысты.

Курстың мақсаты – тек теориялық біліммен шектелмей, қатысушыларға практикалық дағдыларды жетілдіруге, жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды зерттеуге, ғылыми мақалаларды халықаралық журналдарға жариялауға қажетті білім алуға мүмкіндік беру.

IMGL5325.jpg

IMGL5364.jpg

IMGL5371.jpg

Dr. Ju Seong Lee өткізген “Modelling students’ motivation via Digital English communication” курсы оқытушыларды цифрлық оқыту контекстіндегі студенттердің мотивациясын түсінуге бағыттады. Курста ішкі және сыртқы мотивация, желілік ортадағы мотивациялық факторлар, тартымды онлайн контент әзірлеу,  цифрлық ортада бағалау және кері байланыс беру әдістері талқыланды. Қатысушылар Book Creator, Bitly, AskSmile, NotebookLM, Taguette, Jamovi секілді заманауи қосымшалармен жұмыс жасап, IMRaD форматында ғылыми мақалалар жазу, деректер жинау және кодтау әдістерін меңгерді.

Ал Dr. Norman B. Mendozaның "Білім беру психологиясы: оқыту және зерттеу" курсы аясында қатысушылар білім беру психологиясының негізгі теорияларын жан-жақты қарастырып, олардың оқу үдерісіне қалай әсер ететінін талдады.

IMGL5378.jpg

IMGL5349.jpg

IMGL5411.jpg

Сонымен қатар, қатысушылар веб-сайтқа кіріспе жазу мысалдарын жүктеп, сапалы зерттеу нәтижелерін дұрыс рәсімдеу, кестелер мен диаграммаларды кодтау, ғылыми мақалаларды түзету және өңдеу әдістерін үйренді. Жеке кеңестер барысында профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар ғылыми жобаны дұрыс әзірлеу, халықаралық журналдарды таңдау, зерттеу сұрақтарын нақтылау және зерттеу методологиясын жетілдіру бойынша құнды кеңестер алды.

Жиын соңында курсқа қатысқан профессор-оқытушылар құрамына сертификаттар табысталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...