Заң мен тәртіп: Студенттер арасында кәсіби шеберлік сайысы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 наурыз 2025
  • 308

Заң мен тәртіп: Студенттер арасында кәсіби шеберлік сайысы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында білім алушылар арасында  «Фемида-2025» кәсіби шеберлік сайысы өтті.

IMGL6465.jpg

IMGL6476.jpg

Жиынға Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары  Айдос Жүнісов және университеттің комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев төрелік жасады.

Сайысқа «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінен құралған бес команда қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынады. Әр команда өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салып, 5 балдық жүйе бойынша бағаланды.

IMGL6478.jpg

IMGL6501.jpg

IMGL6609.jpg

Іс-шара студенттерді әділдік пен жауапкершілікке баулып, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Ю-24-7» – І орын, «Ю-24-1» – ІІ орын және «Ю-24-9» командасы – ІІІ орын иеленді. Ал Бас жүлде «Фемида-2025» «Ю-24-3» командасына бұйырды. Үздік командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

IMGL6587.jpg

IMGL6700.jpg

IMGL6682.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...