Қазақтың құндылықтары: қазіргі заманға көзқарас
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 наурыз 2025
  • 333

Қазақтың құндылықтары: қазіргі заманға көзқарас

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жас ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында қазақтың ұлттық құндылықтары мен олардың тарихы мен қазіргі қолданыс аясы талқыланды. 

Дөңгелек үстелде бірнеше маңызды тақырыптар қозғалды: Атап айтсақ, «Заманауи отбасындағы дәстүрлі құндылықтардың орны»,  Қазақи құндылықтар археология контекстінде, “Советтік модернизация және дәстүрді ығыстыру және “Советтік модернизация және дәстүрді ығыстыру. 

WhatsApp Image 2025-03-18 at 16.42.02.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-18 at 16.42.04.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-18 at 16.42.02 (1).jpeg

Ғалымдар дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен жаңарту арасындағы тепе-теңдік мәселесін қарастырып, өткен мен бүгін арасындағы сабақтастықты саралады. Өзгеріске ұшыраған дәстүрлерді айтып, бүгінге дейін сақталған ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін атап өтті.

Іс-шараға жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, қауымдастырылған профессор Нұрғали Ақылбеков, философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясының профессоры Мақпал Сыздыкова, «Археология және этнография» ғылыми орталығының қызметкері Жетесби Сұлтанжанов, «Тарих және археология» білім беру  қауымдастырылған профессоры Талғат Жолдасұлы, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының оқытушысы Аян Ахметова  және профессор-оқытушылар қатысты.

WhatsApp Image 2025-03-18 at 16.42.03.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-18 at 16.42.02 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-03-18 at 16.42.03 (1).jpeg

Дөңгелек үстел қазақтың ұлттық құндылықтарын зерттеу мен қазіргі қоғамның талаптарын үйлестіру үшін ғалымдар арасында пікір алмасуға ықпал етті. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстары мен ғылыми дискуссиялардың дамуына жол ашып, қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге бағытталған талқылауларға негіз болды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...