Бакалавриат студенттеріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 наурыз 2025
  • 292

Бакалавриат студенттеріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық байланыстар бөлімі серіктес Лодзь университетінде (Польша) ағылшын тілінде оқуға 2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттар қабылдайды. Конкурсқа  бакалавриат студенттері (бітіруші курстардан басқа) келесі білім беру бағдарламалары бойынша қатыса алады: заң және әкімшілік факультеті, экономика және әлеуметтану факультеті, биология және қоршаған ортаны қорғау факультеті, география ғылымдары факультеті, халықаралық және саяси зерттеулер факультеті, философия және тарих факультеті, басқару факультеті, Математика және информатика факультеті, Физика және қолданбалы информатика факультеті, Химия факультеті, Педагогикалық ғылымдар факультеті, Филология факультеті (шетел тілдері және орыс тілі, мәдениеттану және медиатану, журналистика).

Егер білім беру бағдарламалары сәйкес келсе, 2025 жылдың қазан айы мен 2026 жылдың ақпан айы аралығында конкурстан өткен студенттердің Лодзь университетінде оқуы тегін, ал бару-қайту жолақысы, медициналық сақтандыру полисі, визалық шығындары және жатақханада тұру ақысы студенттердің өз есебінен болады.

Өтініш беруші келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Білім алушының толық деректерімен университет басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (институт, мамандық, топ, төлқұжат деректері, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);

2) Үлгерімі туралы транскрипт (Платонус арқылы электронды түрде) (GPA 3.0 баллдан төмен болмау керек);

3) Шетел тілін (ағылшын тілі) меңгеру деңгейін растайтын құжат: бар болған жағдайда шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат (IELTS/TOEFL);

4) IELTS/TOEFL сертификаттары болмаған өтініш берушілер ағылшын тілі бойынша институционалды тестті 7 сәуір күні сағат 16:00-де бас оқу ғимаратының мәжіліс залында тапсырады.

Құжаттар халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 224-ші бөлме, телефон: 26-29-57

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың  халықаралық байланыстар бөлімі

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...