Арал теңізі: Экологиялық мәселелер мен шешімдер 
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 наурыз 2025
  • 163

Арал теңізі: Экологиялық мәселелер мен шешімдер 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 26 наурыз - Арал теңізі күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Жиынның мақсаты — Арал теңізінің экологиялық мәселелерін талқылап, аймақтық экологиялық сауаттылықты арттыру. Сонымен қатар, ғылыми қауымдастық пен жастар арасындағы экологиялық зерттеулер мен білім беру жобаларын ынталандыру.

Aral (3).JPG

Aral (2).JPG

Aral (7).JPG

Aral (6).JPG

Aral (8).JPG

Дөңгелек үстел барысында ғалымдар Арал теңізінің жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды талқылап, ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдердің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева, Жаратылыстану институтының директоры Нұрлыбек Ахатаев, Ресей Ғылым Академиясының зоологиялық институты, тұзды су гидробиологиясы зертханасының меңгерушісі, Арал мәселелері бойынша халықаралық эксперт Аладин Николай, ҚР Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің профессоры Жұмаділ Шілдебаев, Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, қауымдастырылған профессор Иллинойс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуші ғалым - эколог Римма Турекелдиева, Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің эколог-тілшісі Сара Адайбаева, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Марат Нұрмағамбетов және магистранттар қатысты.

Aral (1).JPG

Aral (10).JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...