- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап бөлімі
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Директорлар кеңесі
- Корпоративтік хатшы
- Корпоративтік оқиғалар
- Корпоративтік құжаттар
- Директорлар кеңесінің отырыстары
- Директорлар кеңесінің комитеттері
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
- Басқарма
- Басқарма отырыстары
- Ішкі аудит қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
- Жалғыз акционердің шешімдері
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Тәуекелдердің жиынтық картасы
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
- ТДМ
- Тұрақты даму саласындағы саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
- Тұрақты даму саласындағы саясатын жүзеге асыру тетігі
- Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі маман
- Ғылыми жобалар
- Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
- Тұрақтылық бойынша білім беру бағдарламалары

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде экоклуб құрылды
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту жобасы аясында «Eco life» студенттік экологиялық клубы ашылды.
Жиынға Әлеуметтік және тәрбие жұмыстар проректоры Жандос Базартай қатысып, оқу орнында ашылған жиырма екінші студенттік ұйым жұмысына сәттілік тіледі. Экоклубқа 100 студент қабылданып, оларға алдағы міндет-жоспарлар таныстырылды.
Ашылу рәсімі 22 наурыз – Дүниежүзілік су күні мен 26 наурыз – Арал теңізі күніне орай ұйымдастырылды. Осы ретте, клуб жетекшісі, «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Светлана Кужамбердиева клубқа қабылданушы студенттерге су экологиясы мен ресурстарын тиімді басқарудың маңыздылығын айтты.
«Су – тіршіліктің көзі. Экологиялық клубты дәл осы күні ашуымыздың басты мақсаты – білім алушыларға судың экологиялық жүйенің негізі болып табылатынын түсіндіру. Адамдардың іс-әрекеті салдарынан өңіріміздегі Арал теңізінің экосистемаларға қалай әсер еткені – соның айқын мысалы. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жүргізілуде. Әлем назарындағы Арал теңізін сақтап қалу үшін жастарды экологиялық мәселелерді шешуде ғылыми зерттеулер жүргізуге, жалпы қоршаған ортаны қорғауға баулу басты міндетіміз»,-деді Светлана Кужамбердиева.
Экоклубтың мақсаты – студенттердің қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту, табиғатты қорғауға белсенді қатысу, университетте және одан тыс жерлерде экологиялық мәселелерді шешу, сонымен қатар тұрақты даму ұстанымдары мен экологиялық таза технологияларды насихаттау.
««Eco life» клубы құрамында болу маған экологиялық мәселелерге қатысты түсінігімді тереңдетуге мүмкіндік береді. Әрбір адам өз іс-әрекетімен табиғаттың тепе-теңдігін бұзбай, айналамызға деген жауапкершіліктің маңыздылығын түсінуі керек. Клубта өзім сияқты көптеген жастар табиғатты қорғау үшін не істей алатынын талқылап, өзара пікір алмасуға мүмкіндіктері бар. Алдағы уақытта экологиялық мәселерді шешуде ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізіп, өз үлесімді қосамын деген сенімдемін. Және барлық жастарды белсенді болуға шақырамын!», - деді клуб мүшесі Жібек Ақнұрова.
Айта кетейік, экоклуб мүшелерінің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, іс-шаралар ұйымдастыруына қолайлы орта қалыптастыру негізінде қайта жаңғыртудан өткен дәрісхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қалдықтарды қайта өңдеу, су мен энергияны үнемдеу, табиғат ресурстарын сақтауға бағытталған көрме қойылды. Жаңа студенттік ұйымға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосамын деген университеттің студенттері мүшелікке қабылданады. Осы арқылы экологиялық мәдениетті дамытуға, студенттердің бастамаларын қолдауға бағытталған қадам болмақ.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_korkyt@mail.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...