Таза Қазақстан: Қызылордалық оқытушылар мен білім алушылар оқу орнына жаппай велосипедпен келді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 наурыз 2025
  • 286

Таза Қазақстан: Қызылордалық оқытушылар мен білім алушылар оқу орнына жаппай велосипедпен келді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту жобасы аясында «Велосипед күні» ұйымдастырылды. 

03.jpg

04.jpg

«Көпшілікке экологиялық таза көлік құралдарын насихаттау, оқытушылар  мен студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өтуде. Велосипед айдау тек экологиялық бағытта ғана емес, адамның физикалық белсенділігін арттыруға да пайдасы зор. Сонымен қатар, қаладағы көлік кептелісінің азаюына да аз да болса үлес қостық деп есептеймін. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды тұрақты  түрде өткізу жалғасын таба бермек»,-деді Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай.

WhatsApp Image 2025-03-28 at 12.49.44.jpeg

05.jpg

Іс-шара барлық оқу ғимараттарында таңғы 8.00-9.30 аралығында өтті. Акцияға белсенді қатысып, алғаш келген 15 адамға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Айта кетейік, «CHEVRON» компаниясы ұйымдастырған «Sustainability Living Lab» жобалар сайысында университет білім алушыларының «Bike Parking» жобасы қолдау тауып, 2022 жылы университетте 8 велотұрақ орналастырылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...