Заң мен тәртіп: Студенттер арасында ғылыми-теориялық конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 наурыз 2025
  • 243

Заң мен тәртіп: Студенттер арасында ғылыми-теориялық конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидатын жастар арасында ақпараттық тұрғыда ілгерілету мақсатында ғылыми-теориялық конференция өтті.

Жиында  Құқықтану білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Кибергигиена – киберқылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу факторы ретінде» тақырыбы аясында ой қозғады.

IMGL9892.jpg

IMGL9980.jpg

Білім алушылар ақпараттық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Әр қатысушы өз ғылыми жобасын қорғады. Нәтижесінде,  Ернар Сейсентаев үздік деп танылып, І орын иеленді. Ал ІІ орыннан Ахметжан Үнгітбай, Төрехан Абытхан, Жібек Анапия көрінсе, жүлделі ІІІ орынмен Камилия Сариева, Анель Ахметқали, Балнұр Аймырзақызы, Әсем Ілиясова марапатталды.

IMGL9875 (1).jpg

IMGL9900 (1).jpg

IMGL9960.jpg

Конференцияға ҚР Әділет министрлігі Сот сараптама орталығының Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институтының бас сарапшысы, аға оқытушы Серік Молжанов, облыстық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Сағидулла Сейкамалов, Қызылорда қаласының прокуратурасы, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры Берік Сарғалиев, киберқауіпсіздік офицері Дәулетбай Жүсіп, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының Криминалистикалық зертханасының меңгерушісі Марат Садыков төрелік етті.

IMGL9910 (1).jpg

IMGL9863.jpg

IMGL0067.jpg

Ғылыми шараның басты мақсаты – қазіргі қоғамда кең етек жайған киберқылмыстардың алдын алу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастарды киберқауіптерден сақтандыру және олармен күресу мәселелерін талқылау. Сонымен қатар, студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту мен ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...