Университет аруы – 2025
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 наурыз 2025
  • 276

Университет аруы – 2025

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткен “Университет аруы – 2025” байқауының жеңімпазы анықталды.  Бұл кеш сұлулық пен өнер, ақыл мен парасат тоғысқан ерекше сайысқа айналды.
 
Байқауға оқу орнының ең дарынды, ең білімді арулары қатысып, өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін және зияткерлік деңгейлерін ортаға салды. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: таныстыру, өнер көрсету, зияткерлік сайыс және сән көрсетілімі. Әр қатысушы өз даралығымен ерекшеленіп, көпшіліктің көңілінен шықты.
 
WhatsApp Image 2025-03-31 at 09.27.55.jpeg
 
WhatsApp Image 2025-03-31 at 09.27.58.jpeg
 
Қазылар алқасының құрамында мәдениет саласының үздігі, “Шапағат” медалінің иегері Орынкүл Балтабайқызы, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы Жанар Бимұратқызы, “Қазақ аруы – 2013” байқауының жеңімпазы Айгерім Қанатбаева, UMMA coffee желісінің негізін қалаушы, жас кәсіпкер Рахат Дәрібай, “Отбасы” орталығы филиалының басшысы, “Анаға тағзым” орталығы директорының креативті индустрия жөніндегі орынбасары Айдана Маратқызы және “Университет аруы – 2022” жеңімпазы Нұрай Карл болды.
Қазылар арулардың сенімділігіне, білім деңгейіне және сахнадағы өзін-өзі ұстауына ерекше мән берді.
 
WhatsApp Image 2025-03-31 at 09.34.46.jpeg
 
WhatsApp Image 2025-03-31 at 09.27.57.jpeg
 
WhatsApp Image 2025-03-31 at 09.27.56 (2).jpeg
 
WhatsApp Image 2025-03-31 at 09.27.56 (1).jpeg
 
WhatsApp Image 2025-03-31 at 09.27.56.jpeg
 
Биылғы сайыс жоғары деңгейде өтіп, тартысты бәсеке нәтижесінде "“Университет аруы-2025” атағы “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының 24-1 оқу тобының студенті Назар Әбдіғали иеленді.. Ол сұлулығымен қатар ақылдылығы және жан-жақты қабілетімен ерекшеленді.
Сонымен қатар:
І вице-мисс атағын – Аяжан Нурмашева,
ІІ вице-мисс атағын – Ангелина Прокопчук,
ІІІ вице-мисс атағын – Анеля Жақсылықова жеңіп алды.
Ал “Көрермен көзайымы – 2025” номинациясына Аружан  Абылай лайық деп танылды.
 
“Университет аруы – 2025” байқауы сұлулықтың тек сыртқы келбетпен шектелмейтінін, нағыз ару жан-жақты, білімді және өнерлі болу керектігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...