Үстел теннисінен ашық турнир өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 наурыз 2025
  • 128

Үстел теннисінен ашық турнир өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай үстел теннисінен ашық турнир қорытындыланды. Жарысқа 20 қыз, 25 ұл студент қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.

Тартысты доданың қорытындысы бойынша қыздар арасында І орын - Ботакөз Тұраковаға, ІІ орын - ⁠Арайтаң Асылбекке және ІІІ орын - ⁠Бақытгүл Шаймұратқа берілді. 

IMGL0083.jpg

IMGL0193.jpg

Ал ұлдар арасындағы сайыста Ырыскелді Кенжебек ашық турнирдің жеңімпазы атанды. Жүлделі ІІ орынды Данияр Ибраев алса, Ердаулет Амиров ІІІ орыннан көрінді. 

Турнир үстел теннисін дамытуға, білім алушылардың өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.  Жарыс VIII жазғы универсиадаға іріктеу болып саналады.

IMGL0225.jpg

IMGL0227.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...