Студенттік Ассамблея құрылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 сәуір 2025
  • 247

Студенттік Ассамблея құрылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жастардың бірлігін нығайту және этносаралық татулықты арттыру мақсатында Студенттік Ассамблея құрылды. Бұл маңызды бастама – көпұлтты қоғамымыздағы татулық пен өзара түсіністіктің жарқын үлгісі. Бүгінде университет қабырғасында 99 этнос өкілі білім алуда.

Ассамблеяның ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, “Ассамблея жастары” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Каримова, сондай-ақ республиканың әр аймағынан келген делегаттар мен университетіміздің белсенді жастары қатысты.

WhatsApp Image 2025-04-09 at 14.57.46.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-09 at 14.57.45 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-09 at 14.57.44.jpeg

Студенттік Ассамблея төрағасы болып Педагогика және дәстүрлі өнер институтының студенті Исмаил Махадинов сайланды.

Жастардың басын қосқан форум аясында экологиялық бағытта “Жасыл ел” идеясын қолдау мақсатында ботаникалық бақта ағаш отырғызу акциясы өтті.

WhatsApp Image 2025-04-09 at 14.57.45.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-09 at 14.57.45 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-09 at 14.57.46 (1).jpeg

Іс-шара «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысымен жалғасты. Форумға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрия Ниязова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, “Ассамблея жастары” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев және еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар қатысты.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...