“Харассментке төзбеушілік” тақырыбында кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 сәуір 2025
  • 267

“Харассментке төзбеушілік” тақырыбында кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы 5-ші жатақхананың студенттерімен “Харассментке төзбеушілік” тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында студенттерді харассменттің алдын алу, оған төзбеушілік көрсету және психологиялық қолдау туралы ақпаратпен таныстырды.
Психолог Сәндігүл Дәрібаева шараны жүргізіп, студенттерді харассмент ұғымымен таныстырып, оны болдырмау жолдарын түсіндірді. Оның айтуынша, харассмент — бұл жеке адамға қатысты орынсыз мінез-құлық пен әрекеттердің кез келген түрі. Бұл мәселе қоғамда кең таралып келеді, сондықтан оны анықтап, уақытында алдын алу маңызды.

WhatsApp Image 2025-04-10 at 11.20.20.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-10 at 11.20.19.jpeg

Сонымен қатар, кездесу барысында “Достық қарым-қатынас”, “Іскерлік қарым-қатынас” және “Интимдік қарым-қатынас” деген ұғымдар талқыланды. Психолог қатысушыларға әртүрлі қарым-қатынастардағы психологиялық аспектілерді түсіндіріп, олардың ара-жігін ажыратуға көмектесті. Студенттерге осы қарым-қатынастарда психологиялық қауіпсіздікті сақтаудың жолдары көрсетілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...