«Ғылым дүние кілті» атты байқау өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 сәуір 2025
  • 215

«Ғылым дүние кілті» атты байқау өтті

Ғылым күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Экономика және құқық” институтының ұйымдастыруымен “Ғылым дүние кілті” атты жарыс өтті.

Жиынға Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнур Бурибаева, Ғылым департаментінің директоры Наргүл Сақтағанова, «Экономиа және құқық» институтының директоры Гүлшат Дүзелбаева, «Жасанды интеллект» институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев және “Мемлекеттік және жергілікті басқару” білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Айгүл Қосмұратова қатысты.

a35b0002-616c-459b-bc1a-4f828031675d.jfif

fcf03fd7-2702-4942-8098-add91202017e.jfif

ccf60d6d-8a14-4b3a-93ca-e1265498211f.jfif

Байқаудың негізгі мақсаты – студенттер мен докторанттардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ғылыми сауаттылықты және командалық ойлауды дамыту. 
Білім додасында қатысушылар экономика, құқық, тарих, мәдениет бағыттары бойынша өз білімдерін сынады. Бұл шара жастардың ғылым мен білімге деген қызығушылықтарын оятып, олардың тұлғалық дамуына серпін берді.

Жарысқа алты команда қатысып, өздерінің білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

f62802f4-20ff-4ca1-89c4-96a37b02f337.jfif

9bde6172-3d19-4436-972b-fc01d554092e.jfif

WhatsApp Image 2025-04-10 at 17.22.12.jpeg

Сайыс нәтижесі бойынша I орынды «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының студенттері, II орынды «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері, III орынды «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті» білім беру бағдарламаларының сттуденттері қанжығаларына байлады.

Жарысқа қатысқан барлық команда мүшелеріне ғылым мен білім жолында жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...