Қорқыт ата университетінде жасыл экономика мен құрылыс саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 сәуір 2025
  • 191

Қорқыт ата университетінде жасыл экономика мен құрылыс саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Ғылым айы аясында «Тұрақтылық және жасыл экономикаға көшу, құрылыс саласында білім беруді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру, жасыл құрылыс саласындағы өзекті трендтермен танысу және осы бағытта тәжірибе алмасу мәселелері көтерілді.

IMGL4670.jpg

Іс-шараның ашылуында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова алғысөз сөйлеп, Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесінің (KazGBC) атқарушы директоры, PhD Александр Белыймен Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл келісім жасыл экономика бағыты бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашпақ.

IMGL4655.jpg

IMGL4773.jpg

IMGL4736.jpg

IMGL4763.jpg

Дөңгелек үстелде экономика ғылымдарының кандидаты, Стратегия және ІТ департаментінің директоры Нұрбахыт Нұрмұхаметов, KazGBC атқарушы директоры PhD Александр Белый, техникалық директоры магистр Айман Шопаева және «Архитектура және құрылыс өндірісі» білім беру бағдарламасының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Гүлназ Жакапбаева мазмұнды баяндамалар жасап, тың ақпараттармен бөлісті.

IMGL4582-1.jpg

Дөңгелек үстел соңында жасыл экономикаға көшу жолында білім беру мен ғылыми ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі атап өтілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...