Студенттер республикалық олимпиадада топ жарды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 сәуір 2025
  • 335

Студенттер республикалық олимпиадада топ жарды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Алматы қаласы, ҚазГАСА университетінде өткен «Пи-Навигатор: ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН ашу жолында» атты республикалық интеллектуалдық сайыстан I орын иеленді. 
Білім бәсекесіне Қазақстанның он алты жоғары оқу орнынан 30 команда сынға түсті. Жарысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Физика және математика» білім беру бағдарламасының студенттері Гүлжаз Нұрат, Айдар Ақжол, Бекдос Қосымбай, Диас Қаныбек, Ақбота Бахытбекқызы, Динара Базарханқызы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты - зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға, талантты және дарынды студенттерді іріктеуге және жаңа буын ғалымдарын, инженерлер мен сарапшыларды даярлауға бағытталған.
Сайыста студенттер физика, математика,  ақпараттық технология және экология саласында өз жобаларын ұсынды. Студенттер биотехнология, қоршаған ортаны бақылау және баламалы энергия көздерін жетілдіру жөнінде жобаларын қорғады.  

WhatsApp Image 2025-04-11 at 10.35.48.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-11 at 10.36.29.jpeg

«Біздің жобамыз ардагер ұстаздар мен студенттерімізге арналған экоэнерго паркі болып табылады. Бұл жоба жалпы жастар мен үлкен кісілер арасындағы ұрпақтық сабақтастықты нығайтуға себепкер болып отыр. Оның үстінде біз Қызылорда қаласының өңірлік климатына сәйкес энергияны өндіріп, оларды тиімді пайдалану жолдарын да ұсынып отырмыз», - дейді «Физика және математика» білім беру бағдарламасының  студенті Гүлжаз Нұрат. 
Жеңістеріңз құтты болсын!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...