Студенттік ғылым-2025
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 сәуір 2025
  • 158

Студенттік ғылым-2025

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Студенттік ғылым-2025» ХХVІІ ғылыми конференция биыл да жоғары деңгейде өтті. Бұл шара «Әлемді ғылым құтқарады – III» атты ғылым айының аясында өткізілді.
Жиында Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева ашып, ғылым жолына бет бұрған жастардың рөліне ерекше мән беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Нұрғали Ақылбеков конференцияның негізгі мақсат-міндеттері мен оның студенттік ғылым үшін маңыздылығына тоқталды. 

WhatsApp Image 2025-04-24 at 16.45.43.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-24 at 16.45.42 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-24 at 16.45.43 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-24 at 16.45.43 (1).jpeg

Конференция барысында студенттер өз ғылыми баяндамаларын қорғап, зерттеулері мен жобаларын таныстырды. 
Сонымен қатар, студенттердің ғылыми шығармашылығы мен жетістіктері көрсетілген арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеде университеттегі 33 студенттік үйірменің жобалары мен жетістіктері жұртшылық назарына ұсынылды.

WhatsApp Image 2025-04-24 at 16.45.48.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-24 at 16.45.48 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-24 at 16.45.46.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-24 at 16.45.44.jpeg

Аталған шара студенттердің ғылыми әлеуетін арттырып, зерттеу дағдыларын дамытуға серпін берді. Конференция соңында ғылыми жобаларымен ерекшеленген қатысушыларға арнайы марапаттар табысталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...