Колледж түлектеріне арналған ашық есік күні өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 сәуір 2025
  • 206

Колледж түлектеріне арналған ашық есік күні өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде колледж бітіруші түлектерге арналған «Continue 4.0» тақырыбында ашық есік күні өтті. 
Іс-шараның мақсаты – түлектерге кәсіби бағдар беру және университеттің білім беру бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат ұсыну.
Жиында Рекрутинг және мансап бөлімінің басшысы Асқат Мырзабай колледж студенттеріне жоғары оқу орнына түсу тәртібі мен талаптары туралы жан-жақты мәлімет беріп, университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне тоқталды.

WhatsApp Image 2025-04-29 at 16.23.11 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-29 at 16.23.11.jpeg

Айта кетсек, университетте 144 білім беру бағдарламасы бар. Оның ішінде – бакалавриат бойынша 85, магистратура бойынша 44, докторантура бойынша 15 бағдарлама арқылы мамандар даярланады.
Шара барысында түлектер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды. Ашық есік күні талапкерлерге болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беріп, университет мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...