Ғылым айлығы аясында «APA 7 style for citation and reference» атты семинар өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 сәуір 2025
  • 177

Ғылым айлығы аясында «APA 7 style for citation and reference» атты семинар өтті

Семинарға "Шетел тілдері және аударма" білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттар қатысты. 
Жиында ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылатын APA (American Psychological Association) 7-нұсқасы бойынша сілтеме жасау және әдебиеттер тізімін рәсімдеу талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Кездесуде қатысушылар автордың аты-жөні, жарияланған жылы, еңбектің атауы және басылым деректері секілді негізгі талаптармен танысты. Сондай-ақ, кітаптарға, ғылыми мақалаларға, интернет ресурстарына және диссертацияларға дұрыс сілтеме жасау әдістері нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Әдебиеттер тізімін алфавиттік тәртіппен құрастыру және DOI нөмірін енгізу мәселелері де қозғалды.

WhatsApp Image 2025-04-30 at 15.58.52 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-30 at 15.58.52 (3).jpeg

Іс-шарада тек теориялық түсіндірумен шектелмей, заманауи ғылыми құралдарды қолдану бойынша тәжірибелік бағыт-бағдар берілуінде талқыланды. Қатысушыларға Zotero рефераттық менеджері мен Google Scholar ғылыми іздеу жүйесін пайдалану жолдары таныстырылды. Атап айтқанда, дереккөздерді автоматты түрде жинақтау, сақтау және APA 7 стилінде библиографиялық тізім құру тәсілдері үйретілді.
Жиын соңында магистранттар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...