Климаттық оқыту: Жаңа мүмкіндіктер мен серіктестік әлеуеті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 сәуір 2025
  • 103

Климаттық оқыту: Жаңа мүмкіндіктер мен серіктестік әлеуеті

Қорқыт ата Қызылорда университетінде  «Климаттық оқыту: Жаңа мүмкіндіктер мен серіктестік әлеуеті» тақырыбындағы үш жақты дөңгелек үстел өтті. 
Жиынның мақсаты – климаттық білім беруді дамыту, жаңа әдістемелермен бөлісу және мектептер мен жоғары оқу орындар арасында серіктестікті нығайту.
Кездесуге Рединг университетінің Білім беру институтының директоры Dr Sarah Marston, Рединг университетінің доценті, тұрақты даму саласындағы бағдарлама жетекшісі Dr JoAnna Reed Johnson, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қамар Бекетова, Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Гүлнәзия Әлмаханова және Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Айгүл Мұсабаева, оқытушылар мен мектеп мұғалімдері қатысты.

WhatsApp Image 2025-04-30 at 16.30.17 (3).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-30 at 16.30.18.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-30 at 16.30.17.jpeg

Іс-шара барысында халықаралық тәжірибе алмасу, мектептер мен жоғары оқу орындар арасында өзара бірлескен жобалар әзірлеу, оқытушылар мен студенттер алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу жайы қозғалды.
Дөңгелек үстел аясында көтерілген бастамалар климаттық білім беруді жетілдіруге және экологиялық сана қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар білім беру саласындағы серіктестікті тереңдету арқылы жаһандық экологиялық мәселелерге бірлесіп жауап беру қажеттігін атап өтті. Мұндай кездесулер халықаралық тәжірибе алмасуға жол ашып, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды қадам болары анық.

WhatsApp Image 2025-04-30 at 16.30.17 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-30 at 16.30.17 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-30 at 16.30.18 (1).jpeg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...