“Birlik cup I” дебат турнирі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 мамыр 2025
  • 121

“Birlik cup I” дебат турнирі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақ халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай “Ақиқат” саяси дебат клубының ұйымдастыруымен “Ұлттық бірлік – Қазақстан дамуының негізі” атты Birlik cup I институт аралық дебат турнирі өтті.

Турнирге Берлин, Ташкент, Минск, Тбилиси атты 4 команда қатысты. Дебат барысында қатысушылар ұлттық бірліктің маңызы, оның Қазақстанның тұрақты дамуына қосатын үлесі жөнінде өз ойларын ортаға салып, қызықты пікірталастар жүргізді.

100.JPG

070.JPG

120.JPG

Тартысты өткен сайыс нәтижесінде Ташкент командасы — 1 орын, Минск командасы — 2 орын, ал Тбилиси командасы — 3 орын иеленді.

Сонымен қатар, турнирде ерекше көзге түсіп, “Үздік спикер” атағын Алихан Асқар жеңіп алды.

020.JPG

030.JPG

040.JPG

Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай іс-шаралардың жастардың ой-өрісін кеңейтіп, азаматтық белсенділігін арттырудағы рөлін атап өтті. Турнир достық пен ынтымақтастықтың үлгісіне айналып, студенттер арасында ұлттық бірлік идеяларын насихаттауға үлес қосты.

110.JPG

010.JPG


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...