Қазақ дирижерлік өнеріне арналған монография жарыққа шықты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 сәуір 2025
  • 51

Қазақ дирижерлік өнеріне арналған монография жарыққа шықты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Әлемді ғылым құтқарады» атты ғылым айлығы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Мүсілім Әмзенің «Қазақстанның дирижерлік өнері» монографиялық еңбегі таныстырылды. 
Шараның негізгі мақсаты – отандық дирижерлік өнердің ғылыми негіздерін жүйелеу, оның тарихи және мәдени маңызын көрсету, сондай-ақ қазақ музыка өнерін зерттеу мен насихаттау арқылы жас ұрпақтың рухани-мәдени танымын кеңейту.

WhatsApp Image 2025-04-30 at 18.30.08 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-04-30 at 18.30.08.jpeg

Жиынға география ғылымдарының кандидаты, доцент, университеттің бас редакторы Қали Омаров, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Теңелұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» білім беру бағдарламасының профессоры Кеулімжай Ботабаев, дирижерлер Гүлдәрі Ізбанова, Мақсат Мұхамеджанов, Руслан Балмасов және белгілі ғалымдар мен өнер қайраткерлері қатысты.
Монография Қызылорда облыстық симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Мүсілім Әмзенің екінші зерттеу жұмысы. Бұған дейін автордың «Мәлік Жаппасбаевтың музыка мұрасы» атты оқу құралы жарық көрген.

WhatsApp Image 2025-04-30 at 18.30.06.jpeg

Шара барысында қазақ дирижерлік өнерінің тарихы мен ғылыми-зерттеу маңызы талқыланып, монографияның өнер мен білім саласына қосар үлесі жоғары бағаланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...