Ғабит Өмірзақұлын еске алуға арналған турнир өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 мамыр 2025
  • 149

Ғабит Өмірзақұлын еске алуға арналған турнир өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Кәсіподақ комитеті және ұстаздың отбасының қолдауымен алғаш рет ардагер ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбаев Ғабит Өмірзақұлын еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.
Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі - әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Қылышбай Бисенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Қалиев, ұстаздың інісі Сәбит Серікбаев және жақындары, университет ұжымы қатысты. 

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.23.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.23.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.23.55.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.23.57.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.23.54.jpeg

Турнирдің мақсаты – ардагер ұстаздың ғылым мен білім саласындағы еңбегін ұлықтап, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар университет ішіндегі достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Еңбек жолын 1980 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының «Музыкалық аспаптар» кафедрасына оқытушы болып қабылданды. 1991 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, 2004 жылы сырттай оқу факультетінің деканы, университеттің қабылдау комиссиясының хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 2008 жылғы ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. Сонымен қатар, 2021-2020 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының доценті қызметін атқарды.

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.23.56 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.23.58.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.24.00.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.24.02.jpeg

Айта кетсек, ғалымның  100-ге жуық ғылыми еңбегі және 2 ғылыми монографиясы бар.
Жарысқа 6 команда қатысты. Нәтижесінде I орынды «Экономика және құқық» институты, II орынды «Жаратылыстану» институты, III орынды Ректорат командасы иеленді. Сонымен қатар, үздік ойыншылар марапатталып, турнир жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...