Қаһарман халқым – даңқты елім
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 мамыр 2025
  • 63

Қаһарман халқым – даңқты елім

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Қаһарман халқым – даңқты елім» атты салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректорының міндетін атқарушы Майнұр Бөрібаева егемен еліміздің тыныштығын қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.

IMGL3381.jpg

IMGL3413.jpg

IMGL3444.jpg

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері – мемлекет қауіпсіздігінің, халықтың бейбіт өмірінің мызғымас кепілі. Бүгінде әлемдегі жер көлемі жөнінен аумағы үлкен мемлекеттің бірі, шекарасы шегенделген, жасампаз жолы айқындалған Қазақстанның ұлттық егемендігі мен тұтастығын нығайтуға кәсіби армиямыздың әлеуеті жоғары.
Биыл – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 33 жыл толып отыр. Еліміздің Қарулы күштері мемлекет қауіпсіздігінің, халықтың бейбіт өмірінің мызғымас кепілі. Қарулы күштердің қуаты нығайып, айбыны асқақтай берсін, – деді Майнұр Әбілтайқызы.

IMGL3472.jpg

IMGL3484.jpg

IMGL3498.jpg

IMGL3543.jpg

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тарихымыздағы теңдессіз ерліктің, қайсар рух пен бірліктің символына айналған маңызды белес. Еліміздің қаһарман ұлдары оқ пен от кешкен Ұлы Отан соғысында батыр бабаларымыз жанқияр ерліктің үлгісін көрсетті.
Айта кету керек, 2000-2001 оқу жылында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде алғаш рет әскери кафедра ашылды. Кафедрада әскери уақытта ұрыс міндеттерін орындауға қажетті білім мен дағдыға ие запастағы офицерлер дайындалады.

IMGL3570.jpg

IMGL3600.jpg

IMGL3616.jpg

IMGL3660.jpg

IMGL3669.jpg

Шарада оқу орнының бірқатар қызметкерлері «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен», университеттің Құрмет Грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, университетімізде үздік оқып, қазіргі таңда өз саласының кәсіби шебері атанып, еліміздің дамуына айрықша үлес қосып жүрген түлектерге «Үздік түлек» медалі табысталды.
Салтанатты шара патриоттық рухтағы мерекелік концертпен қорытындыланды.

IMGL3790.jpg

IMGL38570.jpg

IMGL4187.jpg

IMGL4240.jpg

IMGL4219.jpg


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...