Қоршаған орта үшін бірлескен бастама
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 мамыр 2025
  • 88

Қоршаған орта үшін бірлескен бастама

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары, білім алушылары және қызметкерлері “РУ-6” ЖШС-не қарасты "Қарамұрын" уран кен орнына іссапармен барды. 
Сапардың басты мақсаты – өндірістік ортада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәселелерді кешенді түрде шешу жолдарын қарастыру.
Қазіргі уақытта “РУ-6” ЖШС Қызылорда облысындағы "Солтүстік Қарамұрын" және "Оңтүстік Қарамұрын" кеніштерінде уранды жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен өндіру және өңдеумен айналысады. Бұл технология – қоршаған ортаға барынша аз зиян келтіретін, бірақ ғылыми бақылауды қажет ететін заманауи әдіс.

WhatsApp Image 2025-05-08 at 15.12.27.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-08 at 15.17.53.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-08 at 15.17.53 (1).jpeg

Айта кетсек, университет ғалымдары мен студенттері уран өндірісінен кейінгі жердің топырақ құрамын, экожүйелік жағдайын зерттеп, фиторемедиация әдістерін (ластанған жерді өсімдіктер арқылы тазарту) қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ, өңірдің климаттық жағдайына бейімделген өсімдіктер түрлерін таңдау бағытында зерттеу басталды.

WhatsApp Image 2025-05-08 at 15.12.26.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-08 at 15.17.57.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-08 at 15.17.55.jpeg

Университеттің бұл бастамасы – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен өндірістен кейінгі экожүйені қалпына келтіру бағытындағы маңызды қадам. Ғылым тек зерттеу үшін емес, табиғатты сақтап қалу үшін де қызмет етеді.
Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, ғылыми тәсілдер арқылы табиғатты қалпына келтіруге бірге атсалысайық!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...