Құқықтық сауаттылық – жастар болашағының кепілі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 мамыр 2025
  • 69

Құқықтық сауаттылық – жастар болашағының кепілі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің өкілдері студенттермен кездесу өткізді. Шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, есірткі қылмысының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

WhatsApp Image 2025-05-14 at 18.15.46 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-14 at 18.15.47.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-14 at 18.15.47 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-14 at 18.15.45 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-14 at 18.15.46.jpeg

Кездесуді университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай ашып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып өтті. Ол өз сөзінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар жастардың құқықты білуі – олардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауының бір көрінісі екенін айтты. Шараға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Тоқтыбаев, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және киберқылмыспен күрес басқармаларының мамандары, облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Аман Тұрсынов және «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары Нұрбол Серікбай қатысты.

WhatsApp Image 2025-05-14 at 18.15.44 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-14 at 18.15.44 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-14 at 18.15.44.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-14 at 18.15.45.jpeg

Бас оқу ғимаратында және №5, №9 оқу корпустарында өткен кездесулерде студенттерге есірткінің адам өміріне, қоғамға тигізетін зияны, құқық бұзушылықтың салдары және қоғамдық тәртіптің маңыздылығы жайлы кең көлемде ақпарат берілді. Сондай-ақ жастарға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы мен салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...