Қорқыт ата университеті Түркістан облысында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 мамыр 2025
  • 54

Қорқыт ата университеті Түркістан облысында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы - Ректор Бейбіткүл Кәрімова бастаған профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Түркі әлемі: Сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Кездесудің мақсаты – түркі халықтарының тарихи және қазіргі сайлау жүйелерінің ерекшеліктерін талдау, тәжірибе алмасу арқылы сайлау үдерісін жетілдіру жолдарын қарастыру, сондай-ақ түркі елдері арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты нығайту.

WhatsApp Image 2025-05-16 at 10.25.58 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 10.25.58 (3).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 10.25.58 (4).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 10.25.58 (5).jpeg

Жиынға Қазақстан Ресбуликасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, Түркі академиясының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері және оқытушылар мен студенттер қатысты.

WhatsApp Image 2025-05-16 at 10.25.58.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 10.25.58 (6).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 10.26.17.jpeg

Конференцияда «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, философия докторы Айнұр Исаева азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру және құқықтық қамтамасыз ету механизмін жетілдіру мәселесі бойынша баяндама оқыды.
Айта кетсек, айтулы іс-шараны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...