Миуа Төлегенованың өнер жолы – жастарға үлгі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 мамыр 2025
  • 126

Миуа Төлегенованың өнер жолы – жастарға үлгі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Күміс университет» жобасы аясында ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасының мәдениет қызметкері, «Сыр сұлуы» халықтық ән-би ансамблінің мүшесі Миуа Төлегенованың өмірі мен шығармашылығына арналған Рахила Доспаеваның авторлығымен «Сыр бұлбұлы» кітабының тұсаукесері өтті.
Кездесудің мақсаты – ардагер ұстаздың өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа үлгі ету. Сондай-ақ оның Сыр өңірінің мәдени дамуына қосқан үлесін бағалап, рухани құндылықтарды сақтау мен дәріптеуге назар аударды.

WhatsApp Image 2025-05-16 at 16.50.50 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 16.50.50 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 16.50.54.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 16.50.49 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 16.50.49 (2).jpeg

Жиынға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Қалиев, «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, «Сыр сұлуы» халықтық ән-би ансамблінің белді мүшесі Күләш Қыдырбаева, «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы,  ақын Серік Ыдырысов, Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі Нұрхан Әбдіқалықов, «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» білім беру бағдарламасының жетекшісі Мақпал Шакирова, профессор-оқытушылар және ұстаздың жақындары мен студенттер қатысты.Шараға қатысушылар Миуа Төлегенованың өнер жолы мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегін ерекше атап өтіп, «Сыр бұлбұлы» кітабының жас оқырмандар мен өнер сүйер қауым үшін рухани құндылық екендігін жеткізді.

WhatsApp Image 2025-05-16 at 16.50.48.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 16.50.49.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 16.50.55.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-16 at 16.51.24.jpeg

Кітаптың тұсауын «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, «Сыр сұлуы» халықтық ән-би ансамблінің белді мүшесі Күләш Қыдырбаева, «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы,  ақын Серік Ыдырысов және ұстаздың жақыны қиды.
Кездесу аясында студенттер мен қонақтар ұстаз туралы жылы лебіздерімен бөлісіп, естелік суреттерге түсті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...