Қорқыт ата университеті мен Түркия арасындағы ынтымақтастық нығаюда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 мамыр 2025
  • 112

Қорқыт ата университеті мен Түркия арасындағы ынтымақтастық нығаюда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде халықаралық әріптестік аясында маңызды кездесу өтті. Эскишехир Османгазы университетінің Философия және дінтану ғылымдары институтының  PhD докторы Эрдоған Боз университетке ресми сапармен келді.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 12.33.59 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 12.33.07.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 12.33.06 (1).jpeg

Қонақты университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева қабылдады. Кездесу барысында қос тарап білім, ғылым және мәдени байланыстарды кеңейту, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 12.33.07 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 12.33.08.jpeg

Эрдоған Боз университет студенттеріне дәріс оқуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ол қазақ тілі мен мәдениетіне ерекше қызығушылық танытып, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыспақ.
Айта кетейік, университетіміз Түркияның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, халықаралық әріптестік аясын кеңейтіп келеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...